Accessibility links

БҰҰ жанындағы Қауіпсіздік кеңесі Сирияға байланысты қарарды бүгін дауысқа салмақшы


Осыған орай Сирия елі Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдерге АҚШ-тың қысымына бас имеңдер, деп үндеу тастады. Ол қарар бойынша Ливанның бұрынғы өкімет басшысы Рафик Хариридің өліміне байланысты зерттеу ісімен Сирияның толық әріптестік орнатуы талап етілуде. Олай болмаған жағдайда Сирияға қарсы тиым жарияланбақшы. Қарарды АҚШ, Франция, Британия елдері қолдауда. Ал, кеңестің тұрақты мүшелері боп табылатын Ресей мен Қытай бұл қарарға қарсы шығуда.
XS
SM
MD
LG