Accessibility links

Адам хұқтары тобы оппозиция жетекшілерінің түрмеге қамалып жатқанына қатты алаңдаушылық танытуда


Ташкент. Адам хұқтары ұйымы өзбек оппозициясының жетекшісі Санжар Ұмаровтың түрмеге отырғызылғанына байланысты мәлімдеме жариялады. "Күнсәулетті Өзбекстан" деп аталатын оппозициялық топтың басшысы Ұмаровқа экономикалық айып тағылып, ол осыдан он күн бұрын қамауға алынған болатын. Алайда оның тобындағылар Ұмаровтың саяси себептермен ұсталғандығын айтады. Қорғаушысы үш күннен кейін түрмеде көргенімде Ұмаровтың киімін шешіндіріп тастаған және жағдайы өте аянышты болған дейді. Адам хұқтары тобы Ұмаровқа дәрігерлік көмек керек және түрмеде оның азапталуы мүмкін деп алаңдаушылық білдіруде. "Күнсәулетті Өзбекстан" коалициясы өткен мамыр айында Әндіжанда орын алған қанды оқиғадан кейін, Өзбек үкіметінің орнынан кетуіне шақырып келген болатын.
XS
SM
MD
LG