Accessibility links

БҰҰ-ның Харири өлімін зерттеген тобы Бейрутқа қайтып оралды


Комиссии БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ливанның бұрынғы бас министрі Рафиқ Хариридің өліміне байланысты тергеулерде Сирияның ынтымақтастық танытуын талап еткен шешімді бірауыздан қабылдаған соң бір күннен кейін келді. Шешімде Сирияның күдіктелген тұлғалардың ұсталуын кешіктіріп жатқаны айтылған. БҰҰ-ның тәуелсіз зерттеу жүргізген комиссиясының Харири мен басқа да 20 адамның ақпан айында бомба шабуылында өлтірілуіне Сирияның қауіпсіздік күштері мен олардың Ливандағы одақтастарының қатысы бар деген хабарламасы жарық көрген соң, АҚШ пен Британия, Франция мұндай шешімнің қабылдануына қолдау көрсетті. Сирия бұл айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығаруда. Кеше кешкісін Сирия үкіметі Араб лигасының кезектен тыс жиынын өткізуге шақырды.
XS
SM
MD
LG