Accessibility links

Украина бас министрі Юрий Ехануров екі күндік ресми сапармен Вашингтонға келді


Ехануровтың шетелдік сарапшылар алдында айтуынша, АҚШ-пен өзара келісім нәтижесінде Украинаға Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу мүмкіндігіне жол ашылмақ.

«Егер Ресей Бүкіл әлемдік сауда ұйымына Украинадан бұрын кірсе, онда Украинаға жол жабылмақ. Сондықтан Украина ол ұйымға қалай болғанда да Ресейден бұрын кіруі керек. Сол үшін бар күшімізді саламыз», - деді Украина үкімет басы.

Сондықтан, оның пікірінше, өзара келісімдерге қол қою қажет. Ресми топ құрамында Украина Экономика, Ауыл шаруашылығы, Жанармай және Энергия министрлері бар. Ехануров АҚШ президентінің орынбасары Дик Чейни және Мемлекеттік хатшы К. Райспен кездеспек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG