Accessibility links

Кашмирде қаза болған адамдардың саны 73 мыңға жетті


Пәкістан үкіметі Кашмирде 8 қазанда жерсілкінісінде қаза болған адамдардың саны 73 мыңға жетті деген жаңа мәлімет жариялады. Қаза болғандардың саны бұдан асуы мүмкін делінді. Бұдан бұрынғы мәліметте адам шығыны 57 мың 600 деп көрсетілген. АҚШ әскері ұшақтары кеше болған шабуылдан соң Кашмир аймағына гуманитарлық көмек жеткізу жұмыстарын қайта жандандырды. Америкалық тікұшақ кеше Кашмирдің үнді-пәкістандық шекарасынан ұшып бара жатқанда оған қарсы граната атылды, ұшаққа зақым тиген жоқ. Пәкістан әскерінің өкілдері ондай шабуылдың болуы мүмкін емес, тікұшақ ұшып бара жатқан жерде жол салынып, жарылыс жасалып жатқан дейді.
XS
SM
MD
LG