Accessibility links

Ильхам Әлиевтың қарсыластарына қарсы тергеу қатты жүріп жатыр


Әзірбайжан заң орындары президент Ильхам Әлиевке қарсы ойластырылған төңкеріс жайындағы тергеу табысты жүріп жатыр деп мәлімдеді. Төңкеріс әрекетіне Ғылым академиясының бұрынғы президенті Елдар Салаевтың қатысқаны жайында айғақ табылды делінді. Елдар Салаев қамауға өткен аптада алынған. Елдар Салаевтың ұлы Елман - оппозициядағы Әзірбайжан Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары. Заң орындары, сол сияқты, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Әли Инсанов шетелде қуғында жүрген оппозиция басшысы Расұл Құлиевті қаржылай қолдағанын мойындады дейді. Президент Ильхам Әлиевке қарсы төңкеріс дайындады деген айыппен 15 адам қамалды деп ресми айтылды. Тәуелсіз ақпарат бұлақтары қамалғандардың саны бұдан әлде қайда көп дейді. Осы жексенбіде Әзірбайжанда парламенттік сайлау өтеді.
XS
SM
MD
LG