Accessibility links

Әзірбайжан заң орындары Парламенттік сайлау қарсаңында, президент Илхам Әлиевтің үкіметін төңкермек болған ықтималды топқа қарсы тергеу жұмысын бастап жіберді


Өткен екі апта ішінде ресмилер бұрыңғы 13 министрді, үкімет ресмилерін, банк жетекшілерін, полиция басшыларын тұтқындады. Төрт күдікті өз қылмыстарын теледидарда мойындады. Олардың бірі бұрынғы Қаржы министрі Фирқат Юсипов шетелдегі оппозиция жетекшісі Расул Ғұлиевпен кеңесіп, үкіметтік төңкеріс жасамақ болғандарын мойындады.

- Ғұлиев менің қаржы мәселесін шешуіме үміттенген болар. Сондай-ақ, өзінің билікке келер кездегі өзге міндеттерді де маған жүктеді, - деді Юсипов.

Әзербайжан демократиялық партиясының шетелдегі жетекшісі Расул Ғұлиев алдағы парламенттік сайлаудан үміткер ретінде тіркелген болатын.
XS
SM
MD
LG