Accessibility links

Еуропа комиссиясы АҚШ-тың Орталық барлау агенттігі Шығыс Еуропада тұтқындар абақтысын ашқан деген деректі зерттемек


Еуропа кеңесі де бұл мәліметке қызығушылық танытып отыр екен. «Вашингтон Пост» газетінің сәрсенбі күні жазғанындай, Орталық барлау агенттігінің бүкіл әлемде әл-Қайдалық әсірешіл топтар үшін арналған 8 түрмесі бар көрінеді. Соның бірі Шығыс Еуропада екен. Бірақ мұны АҚШ-тық ресмилер растамайды. Бұл жөнінде Румыния барлау қызметінің өкілі Беркару Бухарестегі баспасөз мәслихаты кезінде бейсенбі күні былай деді:

- Румыния барлау қызметі біздің елде мұндай түрмелердің барлығы жөнінде ешқандай мәліметке ие емес.

Болғария, Польша, Чехия, Армения, Грузия, Латвия, Литва және Мажарстан елдері де бейсенбі күні өз аумақтарында АҚШ-тың тұтқындау абақтыларының жоқтығын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG