Accessibility links

Қырғызстан ресмилері бүгін колониялардағы жағдай орнығып, қалпына түсіп келеді деп хабарлады


Бішкек. Бірнеше шабуылдар жасалып, төрт адам мерт болғаннан кейін, тұтқындар қолдан жасаған қаруларын өткізе бастаған. Қырғызстанның әділет министрлігіндегі Қылмыстық істер департаментінің бастығы Қапар Мүкеев жағдай жақсарып келеді деп атап көрсетті, дегенмен әлі де кейбір тұтқындардың қолында қару бар деді ол. Енді олар үшін қару тапсырудың ең соңғы мерзімі - жексенбі, олай болмаған күнде полиция күш қолдануы мүмкін дейді.
XS
SM
MD
LG