Accessibility links

Париждің маңайында сегізінші түн бойына тәртіпсіздіктер жалғасты


Хабарларға қарағанда, иммигранттар тұратын көшелердегі жүздеген жастар кемінде 400-ге тарта автокөлікті, екі қойманы өртеп, автобусқа, мектеп ғимаратына шабуылдаған. Полицияның көліктері таспен атқыланған, бірнешеуі жарақат алған. Жағдайды реттеп, бақылау үшін 1300-дей полиция күштері жіберілді. Франция премьер-министрі Доминик де Виллепин жағдайды қалыпқа түсіруге уәде етті:

- Басты мақсат - қоғамдық тыныштықты орнату, өйткені мұндай қақтығыстарға жол беруге болмайды. Мен, сондай-ақ, олармен диалогқа барып тілдескім келеді, - деді ол.

Негізінен африкалық иммигранттар тұратын бұл аймақтағы келеңсіздіктер өткен аптада көргендердің айтуынша, полиция қудалаған екі жасөспірімнің қаза тапқанына наразылық ретінде етек алған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG