Accessibility links

Әзербайжандағы екі оппозициялық партиядан хабарланғанындай, жұма күні полиция олардың сайлау ұйымдастырушыларын тұтқынға алған


Олардың арасында Ұлттық майдан партиясынан Қабыл Мамедзаев және Демократиялық партиядан Фарамаз Жауадов бар. Бұл арада АҚШ мемлекеттік департаментінен өкіл Сийн МкКормак тілшілерге, Әзербайжанның баянды болашағы және АҚШ-пен дұрыс байланысы үшін сайлаудың әділ өткендігі керек, деген.

– Сайлауға дайындық науқаны кезінде бірқатар келеңсіздіктердің болғандығын айта кеткен жөн. Сіздер қақтығыстар жөнінде айттыңыздар, ал біз президент Әлиевтің сайлау науқаны кезінде еркіндік және тыныштық болатындығы жөнінде берген уәдесін орындағанын қалаймыз, - деді департамент өкілі.

Президент Әлиев өз министрлерін оппозициямен ешқандай байланыста болмауын ескертіп қойды. Әлиевтің айтуынша, егер үкіметтік төңкерістің алдын алып бірқатар министр, ресми адамдарды қызметтен алмағанда елде азаматтық соғыс басталып кетуі мүмкін болған екен.
XS
SM
MD
LG