Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан өзінің қараша айына жоспарланған Иран сапарын кейінге қалдырды


Оған себеп – Иран президенті Ахмадинежаттың Израилді әлем картасынан сызып тастау керек деген мәлімдемесі екен. Кофи Аннанның өкілі Дужаректің тілшімізге айтуынша, бас хатшы Иран ресмилерімен Ирақ пен Ауғанстандағы тұрақтылық бойынша ынтымақтастық мәселесін, БҰҰ реформасын талқыламақ болған. Кофи Аннан президент Ахмединежаттың Израил жөніндегі сөздерін айыптаған.

– БҰҰ бас хатшысы және Иран үкіметі өзара келісіп, қазір Кофи Аннанның Иранға келетін ыңғайлы кез емес деп шешті. Қазіргі жағдайда Иран жетекшілігімен жоспарланған мәселелерді талқылау қиын болар, - деді Стефан Дужаррик.

Кофи Аннан енді Мысыр, Сауд Араб елі, Тунис және Пәкістанға сапар шекпек.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG