Accessibility links

Кеше Қырғызстан президенті Құрманбек Бақиев, елде 2010 жылға таман бас министр орны қысқартылады деп мәлімдеді


Оның есесіне президент орынбасары – вице-президент қызметі тағайындалады. Үкіметке президент басшылық ететін болады. Қ.Бақиев бұл жөнінде Қырғыз ата заңының жобасына өзгертулер енгізіп жатқан Конституциялық кеңес кезінде айтты.

- Үкіметті басқаратын болса онда президент экономикаға да жауап беретін болады, - дейді Қ.Бақиев.

Президент Бақиевтің айтуынша, болашақта Қырғыз парламентіне бірқатар депутаттар партиялық тізім бойынша сайланатын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG