Accessibility links

Бүгін Әзірбайжанда парламенттік сайлаулар өтіп жатыр


БАКУ. Сайлауды қадағалап отырған тәуелсіз бақылау орталығының өкілі Анар Мамадли кейбір сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің саусақтары сиямен боялмады деді. Ал бұл шара Әзірбайжанда сайлаудың бұрмаланбауы үшін енгізілген болатын. Мамадлидің айтуынша, кейбір бюллетендер сайлаудан бұрын толтырылған. Оппозиция лидері Әли Керимли де сайлауда бірнеше бұрмалау әрекеттері жазып алынды деп мәлімдеді:

“Алдын ала жоспарлағанымыздай, егер бұрмалаулар орын алса, онда міндетті түрде Әзірбайжан елін бұрмаланған сайлау нәтижелеріне наразылық көрсетуге шақырамыз. Шеруімізді сейсенбі, яғни қарашаның 8-нен бастаймыз. Наразылық шарасы бейбіт түрде өтеді. Бұл шарамызды біз заңды түрде өткізуге әрекет жасаймыз. Биліктің бізге, халыққа қарсы күш қолдануына қолымыздан келгенше жол бермеуге тырысамыз.”

Бұрмалаулар жөнінде Әзірбайжан билігі әзірше ешқандай пікір білдірмеді. Бакуде өз дауысын берген президент Ильхам Әлиев сайлаулар демократиялық түрде өтеді деді. Алайда адам құқықтарын қорғайтын “Хьюман Райтс Уотч” ұйымы оппозиция белсенділерінің тұтқындалуы, еркіндіктің шектелуі сайлаудың әділ өтуіне өз көлеңкесін түсірді дегенді алға тартқан болатын. Сайлау барысын 1300-ге жуық халықаралық бақылаушы қадағалап отыр.
XS
SM
MD
LG