Accessibility links

Францияның бірнеше қалаларында күш қолданулар 11-ші күн одан әрі жалғасуда


Жексенбінің кешінде Григни қаласында шабуылшылардың қолдан жасалған қару қолдануы барысында кем дегенде 30 полиция қызметкері жараланған екен. Тулоус, Ренес және Роун қалаларында, көтерілісшілерге қарсы полиция жасағы көз жасаурататын газ қолданған. Жексенбі күні сөйлеген сөзінде Франция елбасы Жак Ширак қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру ел өкіметінің басты мақсаты болып отыр, деді. Екі жасөспірім абайсызда электр тоғынан қаза болғаннан кейін, қазанның 27-сінде осы бей-берекеттіктер басталған болатын. Қазірге дейін 90-нан астам адам тұтқындалған екен.
XS
SM
MD
LG