Accessibility links

Президент Ж.Талабани Италия әскерлері Ирақтан шығарылмасын дейді


БАҒДАД. Сирия шекарасына жақын жерде АҚШ пен Ирақ күштері бүлікшілерді жоюға бағытталған операцияларын одан әрі жалғастыруда. АҚШ әскерінің хабарлауынша, соғысу барысында Хусайбах қаласында бір АҚШ сарбазы қаза тапқан, кемінде 36 бүлікші өлтіріліп, 200-ге жуық адам қамауға алынған. Сонымен қатар, Бағдадта Ирақ үкіметі мен АҚШ елшілігі орналасқан жерде екі жарылыс орын алды. Зардап шеккендер туралы хабар түскен жоқ. Басқа да хабарларға қарағанда, бүгін Ирақ президенті Жалал Талабани Италияға 5-күндік сапарын бастады. Бұл сапары барысында Ирақ президенті Италияның жоғары лауазымды ресми өкілдері және Рим папасымен кездеседі. Италиядағы La Stampa басылымының хабарлауынша, Талабани Италия билігінен әскерлерін Ирақтан шығармауын сұраған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG