Accessibility links

ЕҚЫҰ Әзірбайжандағы парламенттік сайлаулар халықаралық талаптарға сай келмеді дейді


БАКУ. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Әзірбайжандағы парламент сайлауы кейбір халықаралық талаптарға жауап бермеді деп мәлімдеді. Ресми деректерге қарағанда, Әзірбайжанда жексенбі күні өткен парламенттік сайлауларда биліктегі партия жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының өкілі Ықбал Бабаев баспасөз маслихатында сайлаудың бастапқы қорытындысын жариялады. Бастапқы нәтижелерге қарағанда, билік басындағы Иени Азербайжан партиясы Парламенттегі 125 орынның 62-сіне қол жеткізіп, ал оппозиция болса бес орынға ие болған. Алайда елдегі басты оппозициялық коалиция сайлауда бұрмалаулар болды деп, сейсенбіде наразылық шараларын бастамақшы. Билік орындары айыптауларды жоққа шығаруда.
XS
SM
MD
LG