Accessibility links

Әзірбайжан елбасы жексенбі күнгі Парламенттік сайлаулар барысында заңсыздықтардың орын алғандығын мойындады


Теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Илхам Әлиев мырза тек аз ғана сайлау бөлімшелерінде осындай жағдай орын алды, деді. Ол өз өкіметі аталған кемшіліктерді жою үшін тиісті шаралар қолданады, деді. Алиев мырза осылайша елдегі оппозиция және халықаралық бақылаушылар сынын кері қайтаруға тырысты. Сайлау қорытындыларына қарағанда Әлиевтің билік басындағы Иени Әзірбайжан партиясы көпшілік дауысқа ие болған. Дей тұрғанмен, сайлаулар барысында орын алған заңсыздықтарға байланысты Еуропадағы қауіпсіздік пен әріптестік ұйымының ұстанып отырған бағытын қолдайтындығын Құрама Штаттары мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG