Accessibility links

Әзірбайжан оппозициясы парламент сайлауындағы бұрмалаушылыққа наразылық шеруін өткізбек


Баку. Жексенбі күні болған Парламент сайлауында заңсыздықтарға жол берілді деп мәлімдеген Әзірбайжан оппозициясы бүгін шеурлер өткізбекші. Алғашқы нәтижелерге қарағанда, президент Илхам Әлиевтің партиясы парламенттегі 125 орынның басым көпшілігін иеленген. Европа кеңесі мен Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары дауыс берулер халықаралық талапқа сай өткізілмеді дейді. Президент Әлиев дауыс берулер тұрғысында проблемалардың болғандығын мойындағанымен, сайлау нәтижелері әділ дегенді айтты. Дегенмен де, сайлау ресмилері Әлиевтің жақтастары оппзициядан басым түскен екі учаскедегі бюллетендерді қайта санайтын болды. Және бұрмалаушылықтар жөніндегі барлық хабарламаларды мұқият зерттейтіндіктерін айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG