Accessibility links

Ирақ үкіметі Саддам Хуссейн мен оның сыбайластарының сотына қатысушы адвокаттың қастандықпен өлтірілуін айыптады


Бағдад. Бұл осымен мерт болған екінші қорғаушы. Полицияның айтуынша, Саддам сотында бұрынғы вице-президент Таха Тассин Рамаданның қорғаушысы болатын адвокат Адел Әл-Зубейдиге үш адам шабуыл жасаған. Саддам сотындағы адвокаттар командасының баспасөз өкілі Иссам Ғазауи қорғаушылар мұндай қауіпсіздік жағдайында соттың жалғасуына сенімді емес дейді. Саддам мен оның жеті үзеңгілесіне қарсы Ирақтағы сот қарашаның 28-да қайта жалғасуы тиіс.
XS
SM
MD
LG