Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Бушқа соңғы апталарда түрлі мәселелер бойынша сындар айтыла бастады

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Олардың қатарында Ирақтағы соғыс және шетелдік күдікті делінген терроршыларды тергеу кезіндегі асыра сілтеушілік жағдайы секілді мәселелер бар.

Сынның негізгі нысaнасы прeзидент Буш әкімшілігінің күдікпен ұсталып тергеу, сұрау кезінде шектен тыс жазаланып, азапталып жатқан тұтқындар жөнінде болып отыр. Ал ол тұтқындардың басым көпшілігі шетел азаматтары болып келеді. Оның үстіне қазіргі кезде, әсіресе, мұсылман азаматтары лаңкестікте жиі айыпталып, күдік астына түскені қашан.

АҚШ президенті өзінің Латын Америкасындағы өткен аптадағы 5 күндік сапары кезінде Панама қаласында тілшілерге былай деген еді:

«Біз лаңкестерді тауып, оларды әділетке шақырып отырамыз. Біз терроршылардың жасырын орындары жөнінде мәліметтер жинаудамыз. Біз олардың қара ниетті жоспарларын жоюдамыз. Не істесекте біз заң шеңберінен шықпаймыз. Біз азаматтарды азаптап жатқан жоқпыз».

Президент Буштығ мұндай ойларын қорғап қолдайтын жоғары дәрежелі ресмилер де жоқ емес. Мысалы, АҚШ қорғаныс министрі Д.Рамсфельд әл-Қайдалық күдіктілер азапталуда деген деректі бекер, дейді.

«Президент мемлекеттік департаменттен тұтқындармен адами қарым-қатынаста болуды талап еткен. Мен сол талап негізінде нұсқау жарияладым. Қорғаныс министрлігі саласындағы азаматтар үшін бұл нұсқау талап нормасы есептеледі», - деген АҚШ қорғаныс министрі.

Жалпы, АҚШ армиясы Ауғанстан, Ирақ және Гуантанамо бұғазында бірнеше жүз соғыс тұтқынын ұстап отыр. Міне енді наразылық әрекеттері, шағымдарға байланысты, АҚШ Жоғарғы соты Буш әкімшілігінің лаңкестерге байланысты сот жүйесін тексеруге келісім беріп отыр.

Жалпы рас нәрсе, Буштың өз сөзімен айтқанда, халықаралық терроршылыққа қарсы соғыс кезінде жазалауға да қарсылық етпейтін тұстар баршылық еді. Бұл мәселеге орай АҚШ Сенаты заң қабылдап, Өкілдер палатасына да ұсынылған болатын. Бұл ұсынысты, осыдан 40 жыл бұрын Вьетнам соғысы кезінде өзі де азапталған сенатор Джон МкКейн айтқан болатын.

МкКейн Буштың соғыс саясатын барынша қолдайтын сенатор. Дегенмен бұл орайда Буш саясатына сынмен қарайтын конгрессмендер де жоқ емес. Демократтардан Карл Левин Буштың лаңкестікпен күрес және Ирақтағы соғыс саясатына барынша қарсы болған сенатор.

Сондықтан бұл сенатор тұтқындардың азапталуына байланысты тергеу шарасын да енгізген болатын. Қарашаның 4-інде сенатор Левин ресми әкімшіліктің тергеу кезінде әсіресілтеушілік сирек болады деген мәлімдемесінің ақиқаттан алыс екендігін айтып салды.

«Біреулер ондай азаптауларды Абу-Ғрайб түрмесіндегі кейбір әскер- полицияның қатаң шараларымен ғана шектегісі келеді. Бірақ ондай азаптау, жазалаулардың себеп-салдарын, табиғатын ашып айтудан қашқалақтайды», - деді сенатор.

Ал президент Буш болса дүйсенбі күні тұтқындарды жазалау заңына тиым салудың қажеті жоқ деп жариялады. Оның пікірінше, АҚШ заңы соны талап етеді.

«Егер Америкаға қарсы арамдық жасайтындар болса біз оларды міндетті түрде заң бойынша жазалаймыз», - деді АҚШ президенті.

Дегенмен қойылған сұраққа орай АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Адам Ерели, американдық тергеушілер АҚШ заңына орай іс тұтады, ал егер ол тұтқынды азаптап, зорлық-зомбылық көрсетсе, онда ол тірлігі үшін заң алдында жауап береді деген.
XS
SM
MD
LG