Accessibility links

Сириямен шекарадағы Ирақ қаласы көтерілісшілерден тазалануға жақын


Хусайба қаласында АҚШ күштерінің бастауындағы коалициялық одақ жүргізген “Болат перде” атты шаралары сейсенбі күні аяқталған болатын. АҚШ тарапының сөзіне қарағанда, аталған шаралар сенбі күні басталғаннан бері 180-дей көтерілісші тұтқындалып, кем дегенде 36-сы қаза болған. АҚШ жаяу теңіз 1 әскери қаза болған. Желтоқсанның 15-іне Ирақта жалпы халықтық сайлаулар белгіленген. Осы науқан қарсаңында Ирақтың батысындағы шекарадан енуі мүмкін көтерілісшілердің алдын кесу аталған шаралар арқылы қарастырылған болатын. Бақуба қаласында бүгін таңертең болған көліктегі бомбалық жарылыс кесірінен кем дегенде бес адам қаза болған екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG