Accessibility links

Полицияның айтуынша, Ирақ парламентінің спикері Хажим әл-Хассанидің бауырын белгісіз біреулер ұрлап әкеткен


Бағдад. Кеше, сондай-ақ, Ирақ астанасында екі көлік бомбасы жарылып, онда 6 адам опат болып, 31 кісі жарақат алған. Оның алдында Бақубада жанкешті жарған бомбадан бес адам құрбан болған еді. АҚШ әскери басшылары жақында Рамади қаласының маңайында көтерілісшілердің жетекшісі ұсталды деп хабарлады. Адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айып бойынша Саддам Хусейін мен оның үзеңгілестеріне қарсы басталған трибуналда адвокаттар жетекшісі Халил әл-Дулаими осы сотқа қатысатын екінші қорғаушы қастандықпен өлтірілгеннен кейін, мүмкін адвокаттар бұл іске араласпайды дегенді айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG