Accessibility links

Әзірбайжан астанасындағы оппозиция шерулері бейбіт аяқталды


Баку. Мыңдаған адам жексенбі күні болған Парламент сайлауының нәтижелеріне наразылық танытып, көшелерге шыққан-ды. Үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, шеру өткізгендер арасында жастар ұйымдарының да өкілдері болды. Әзірбайжандағы "Азадлық" басты оппозициялық коалициясы дауыс берулер нәтижесі бұрмаланды, қолдан жасалды деп, сайлаудың жоққа шығарылуын талап етті. "Азадлық" жетекшісі Әли Керимли жиналғандарға былай деді:

«Біз Орталық сайлау комиссиясына сайлау барысында болған барлық бұрмалаушылықтардың дәлелдерін көрсеттік. Біз сайлау қорытындыларын қабылдамаймыз, оны жоққа шығару үшін заңды әрекеттерді жалғастыратын боламыз. Үкімет бұрмаланған сайлау қорытындыларын қайтарып алмайынша, шерулеріміз бен наразылықтарымыз жалғаса береді».

Сайлаудың толық қорытындысы шығуға жақын, әзірге анық болғаны - президент Илхам Әлиевтің партиясы ұлттық парламенттегі 125 орынның басым бөлігін иеленген. Бірақ, олар бұрмалаушылықтар болды дегенді жоққа шығаруда. "Азадлық" коалициясы сенбі күні екінші жиналысты өткізуге рұхсат сұрап отыр. Европа кеңесі мен Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары Әзірбайжандағы парламент сайлауының халықаралық талапқа сай болмағандығын айтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG