Accessibility links

Әзірбайжанның орталық сайлау комиссиясы жексенбілік парламенттік сайлаулардың жаңаланған қорытындыларын шығарды


Онда 125 мүшелік ұлттық Ассамблеядағы 60 орынды жетекші “Жаңа Әзірбайжан” партиясы иеленіп отыр. Алдында бұл партия 63 орынды жеңіп алды делінген болатын. Оппозициялық Азатлық одағы болса, парламенттен 8 орын ғана алып отыр. Ел оппозициясы жексенбі күні өткен бұл сайлаулар жаппай бұрмалаушылықпен өтті деп, қайтадан жаңа сайлаулар өткізуді талап еткен. Еуропа кеңесі мен ЕҚЫҰ Әзірбайжандағы бұл сайлауларды сынап, оны халықаралық сайлау талаптарына жауап бермейді деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG