Accessibility links

Бүгін әл-Қаида өткен түнде Иорданияның Амман қаласында 56 адамның өмірін қиған үш бірдей жарылысқа жауапкершілікті алатынын мәлімдеді


Бұл мәлімдеме арабтардың интернет парақшасы мен телеарнасында жарық көрді. Оны әл-Қаиданың Бағдадтағы өкілі жазған. Ол мәлімдемеде шабуылдау нысанына мейрамхананы алған себебіміз - Иорданияның “зұлымы” патша Абдулла мұсылман дінінің қас жауларына есігін ашып отыр делінген. Бұл жарылыстар орын алған үш қонақ үй бірінен соң бірі жарылған. Шетелікдіктер көп тоқтайтын орын болғанына қарамастан онда құрбан болғандардың көбі бұл жерге тойға келген иордандықтар болып отыр. Иордания патшасы Абдулла өзінің Қазақстанға сапарын тоқтатып, еліне оралған.
XS
SM
MD
LG