Accessibility links

АҚШ кеше газеттегі Америка мен Европа Иранның ядролық бағдарламасын шешуде жаңа ұсыныстар турасында келісті деген хабарламаларды жоққа шығарды


Шаннон. "Нью-Иорк таймс" газеті Вашингтон Ұлыбритания, Франция және Германиямен Тегеранның аз ғана көлемде ядролық өндірісті дамытуына қолдау көрсететін болды деп жазған еді. Бұл хабарды АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Таяу шығыс сапарында жоққа шығарып, мұнда ешқандай да Иранға қатысты АҚШ-Европа ұсынысы болған жоқ деп атап көрсетті. Ресей Иранның атом энергиясы өндірісіне дамыту жоспарын жақтап, ядролық станция құрылысын жүргізуіне қолдау көрсетеді. АҚШ болса Иран азаматтық ядролық бағдарламаны соғыс мақсатында пайдаланады деп мәлімдеп келеді.
XS
SM
MD
LG