Accessibility links

Кеше Әзірбайжан астанасында үкімет жағындағы мыңдаған адам Парламент сайлауының қорытындыларын атап өтуге және президент Илхам Әлиевке қолдауларын танытуға көшелерге шықты


Баку. Тәуелсіз бақылаушылардың айтуынша, жиналғандардың саны 10-15 мың шамасында болған. Шерушілердің көбі көгілдір және ақ түсті киімдер киген, бұл - билік басындағы Жаңа Әзірбайжан партиясының түсі. Аталған партияның бас хатшысы шерушілер алдында оппозицияның сайлау нәтижелері бұрмаланды деген айыптауларын жоққа шығара сөйледі. Әзірбайжандағы басты оппозициялық коалиция - "Азадлық" сәрсенбі күні шеруге шығып, сайлау қорытындысы жоққа шығарылсын, өйткені ол қолдан жасалды деп талап еткен болатын. Кеше Орталық сайлау комиссиясы жариялаған қорытындыларға қарағанда, "Жаңа Әзірбайжан" партиясы парламенттегі 125 орынның 60-ын иеленген, ал "Азадлық" коалициясы ресми түрде сегіз орын ғана алған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG