Accessibility links

Британияның сыртқы істер министрі Джек Строу Сирия Ирақтан келетін терроршыларға қарсы көп шаралар жасауы керек деп атап көрсетті


Бағдад. Джек Строу Бағдадта Ирақ премьер-министрі Ибрахим әл-Жаафаримен бірлесіп өткізілген баспасөз-мәслихатында Европа одағы Сирияның бұл тұрғыдағы әрекетсіздігіне алаңдаулы дегенді айтты. Кеше, сондай-ақ, Ирақтағы әл-Қаида Бағдад мейрамханасындағы 35 адамды опат еткен жарылысты жүзеге асырдық деді. Оқиғаны көзбен көрген Ирақ солдаты былай дейді:

- Жарылғыш затты беліне байлап, қолына сумка ұстаған бір адам мейрамханадағылар таңғы асын ішіп отырған кезде келіп кірген. Жарылыс болысымен біз - 305 бригаданың мүшелері бұл араға жылдам жетіп, күдікті деген екі адамды ұстадық.

Ирақта кеше сонымен бірге Тикрит қаласында көлік бомбасының жарылысынан кемінде алты адам құрбан болған. Солдаттар Иран шекарасына жақын жерде 27 адамның мәйітін тапқан.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG