Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс кеше Ирақтың Мосул, Бағдад қалаларында болды


Бағдад. Ол осындағы АҚШ әскерлерімен кездесіп, оларды Ирақ халқына көмектесу қызметтерін жалғастыра беруге шақырды. Кондолиза Райс Ирақ премьер-министрі Ибрахим әл-Жаафаримен келіссөздерден кейінгі баспасөз-мәслихатында Ирақтағы демократиялық өзгерістердің маңыздылығын атап көрсете келіп, ирақтықтарды 15 желтоқсандағы парламент сайлауына қатысуға шақырды. Ал бұл аралықта Ирақта кешегі күні Халидия қаласындағы қақтығыстарда екі американ солдаты қаза тапқан. Бақубада үш полиция мерт болған. Ал Бағдадтағы Оман елшілігі жанындағы атыста елшілік қызметкері мен бір полиция құрбан болған және екі адам жарақат алған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG