Accessibility links

100 мыңнан астам израилдық бүгін түні 10 жыл бұрын еврей экстремисі премьер-министр Исхак Рабинді қастандықпен өлтірген алаңда шырақ жағып, оны еске алды


Тель-Авив. Исхак Рабин 1995 жылдың 4 қарашасында бейбіт шеру кезінде Тель-Авивтің орталығындағы алаңда атып өлтірілген еді, қазір алаң оның есімімен аталады. Алаңға жиналғандар алдында сөз сөйлеген АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон:

- Ол, Рабин, мен үшін қазір де осы жер бетіндегі ең соңғы күніндегідей көз алдымда тұрғандай. Мен оны өте жақсы көрдім, құрметтедім,- деді.

Рабинге оқ атқан қылмыскер қазір өмірлік түрме жазасын өтеуде. Палестина турасында 1993 жылы Осло бейбіт келісіміне қол жеткізіп, кейіннен сол үшін Нобель сыйлығына ие болған Исхак Рабинді еске алу шаралары Израилда дүйсенбі күні өзінің шарықтау шегіне жетеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG