Accessibility links

БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан Ираққа күтпеген жерден сапармен барды


Бағдад. Бұл Кофи Аннанның 2003 жылы АҚШ бастаған күштердің Саддам Хусейін жүйесін құлатқаннан бергі уақыт ішінде Ираққа алғаш рет атбасын тіреуі. Аннан Ирақта демократиялық процестердің нығаюы үшін БҰҰ үкіметпен қоян-қолтық бірлесе жұмыс істеді деп атап көрсетті:

- Біз үкіметпен бірлесе отырып, бейбіт-қалыпты демократиялық өзгерістер үшін жұмыс істедік, әрине, келе жатқан сайлаулар алдында да көптеген жұмыстарды бірлесе атқарудамыз. Бізде қауіпсіздік кеңесінің нақты мандаты бар, Ирақ халқының бейбіт болашағы үшін барлығын жасауға өкілеттік беретін, - деді ол.

Кофи Аннанның ойлары осыдан бұрын Ирақта сапармен болған АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс пен Британия сыртқы істер министрі Джек Строудың айтқандарымен үндес шықты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG