Accessibility links

Францияның Лион қаласынд бүлікші жастар мен полиция арасындағы қақтығыс бүгін түні де орын алды


Париж. Полиция тәртіпсіздіктерді ұйымдастырған жастарға көзден жас ағызатын газ қолдану арқылы 10 адамды тұтқындаған. Өрт қойып, қиратушылардың бей-берекетсіздіктері осымен 17 түн бойына жалғасып, сенбінің өзінде Францияның әр жерінде 70-тен астам көлік отқа оранған. Карпантер қаласында мектеп үйі өртеліп жіберілген. Париж бен басқа да бірқатар қалалардың көшелері полиция бақылауында. Бүлікші жастар негізінен Францияның иммигранттар тұратын аймағының тұрғындары, олар билік пен полицияның расистік қимыл-әрекеттеріне наразылық танытудамыз дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG