Accessibility links

Әскери коалицияның Ирақтағы шараларын тоқтатуын сүнні арабтары талап етіп отыр


Сүнні арабтарының қолдауындағы Ирақтағы ірі партия бүгін АҚШ әскерилері мен Ирақ қауіпсіздік күштерінің елдегі шараларын тоқтатуын талап етті. Мұндай шаралар қарапайым халыққа ауырлық әкелуде, дейді Ирақ Ислам партиясы. Бұл әрекеттер Жалпы сайлаулар болатын 15-желтоқсан қарсаңында, елдегі саяси үдерістерге де, қауіпсіздік жағдайына да кері әсерін тигізіп отыр, дейді партия. Сенбі күні елбасы Жалал Талабани шетелдік күштердің елден шығарылуы жөніндегі сөйлесулер 2006-шы жылдың соңына қарай басталады деген болатын. Оның орынбасары Адел Абдул Махди де осыған ұқсас пікір білдірген еді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG