Accessibility links

Иорданияда төртінші жарылысты жүзеге асырмақшы болған бір әйел қамауға алынды


АММАН. Жексенбі күні теледидардан сөйлеген сөзінде ол әйел былай деді: “Менің атым Саида әл-Рушаи. Мен Ирақ азаматымын. 1970-жылда туылғанмын. Рамади қаласында тұрамын.” Тұтқындалған әйелдің айтуынша, оның өзі, күйеуі және тағы басқа екі кісі Иорданияға Ирақтан келген. Сәрсенбі күні Ришауидің күйеуі той болып жатқан “Радиссон” қонақ үйінде бомбаны жарған, Ришауи де өзін-өзі жармақшы болған, бірақ бомба іске қосылмай қалған. Кейін ол қонақ үйден қашып кеткен екен. Иорданияның астанасы Амманда үш жанкешті жарған бомбалардан кемінде 57 адам қаза тапқан болатын. Ол жарылыстарға байланысты жауапкершілікті Ирақтағы “Әл-Қаида” ұйымы өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG