Accessibility links

Ресми Ташкенттің пікірінше, “Акрамия” тобы Өзбекстанда ислам халифатын құрмақ болды


ТАШКЕНТ. Бүгін Өзбекстанның Жоғарғы Сотында өткен мамыр айында Әндіжан қаласында болған қантөгіске қатысты қылмыстық іс бойынша шығарылған сот өкімімен таныстыру басталды. Отырыстың басында Бас судья Бақтияр Жамолов айыпталушыларды Өзбекстанда ислам халифатын құруды көздеген діни эксремистер деп сипаттады. “Олар, деп мәлімдеді судья, діни экстремистік “Акрамия” ұйымының белсенді мүшелері ретінде олар Өзбекстан Республикасының қазіргі конституциялық билігін құлатып – Ислам халифатын құруды көздеді; сол мақсатта олар қарулы топ ұйымдастырып, көп және ауыр қылмыстар жасады”. 15 күдіктіге “лаңкестікпен шұғылданды”, “конституциялық билікті құлатпақ болды” және “кісі өлтірді” деген айыптар тағылды.
XS
SM
MD
LG