Accessibility links

Амманның қонақ үйлеріндегі жарылыстарды іске асырмақ болған әйел бар айыбын мойындады


АММАН. Қарашаның 9-күні Амман қаласында болған террористік қастандыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған Ирақ әйелі қонақ үйде жарылғышты іске қоспақ болғанын, бірақ қопарғыштың істен шыққанын мойындады. Иордания телеарнасы 35 жастағы Саида Әр-Ришауи деген әйелдің Амман қаласына Ирақтан өзінің ерімен және өзге 2 ер кісімен арнайы келгенін мойындаған осы сәтінің бейнежазбасын көрсетті. Амман қаласының 3 қонақ үйінде жанкешті-лаңкестер іске асырған жарылыстардан кем дегенде 57 кісі мерт болып, 100-ден аса адам жараланды. Бұл қастандықты “Әл-Қаида” ұйымының Әбу Мұсаб Әз-Зарқауи бастаған қанаты өз жауапкерлігіне алды.
XS
SM
MD
LG