Accessibility links

К.Райс - Израиль премьерімен және Палестина лидерімен жеке-жеке келіссөз өткізді


ИЕРУСАЛИМ. Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзге жаңа серпін беру мақсатында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс ханым бүгін Израиль мен Палестина автономиясының басшылары – Иерусалимде Израиль премьері А.Шаронмен, ал Иордан өзенінің Батыс жағалауында Палестина лидері М.Аббаспен жеке-жеке келіссөз өткізді. А.Шаронмен бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында К.Райс: “Таяу Шығыстағы екі ел – Израиль мен Палестинаның лаңкестіктен таза, бейбіт те демократиялық әрі тәуелсіз ел болуы үшін, бейбіт келіссөзді қайта жалғастыруғы асығамын”, деп мәлімдеді. К.Райс бүгін Иорданияға баруға тиіс.
XS
SM
MD
LG