Accessibility links

Бағдадтағы жақсы күзетілетін “жасыл аймақ” ауданына шабуыл жасалды


БАҒДАД. Ирақтағы АҚШ елшілігі хабарлағандай, Бағдадтың жақсы күзетілетін “жасыл аймақ” ауданының сыртында бүгін болған жарылыстан кемінде 2 кісі қаза болып, өзге үшеуі жараланды. Елшілік өкілі Элизабет Колтонның айтуынша, қаза болғандар АҚШ-тың қауіпсіздік күштеріне жалданған Оңтүстік Африканың тұрғындары көрінеді. Ирақтың батысында Сирия шекарасына жақын орналасқан Убайди қаласына АҚШ армиясының әуеден берген соққысынан 37-ге тарта көтерілісшінің көзі жойылды. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, 25-тей көтерілісші қолға түсті.
XS
SM
MD
LG