Accessibility links

Ауғанстандағы халықаралық қауіпсіздік күштерінің қатары адам шығынын көтеруде


КАБУЛ. Бүгін Кабулдағы НАТО-ның қауіпсіздік күштерінің жанында 2 бомба жарылды. НАТО күштерінің өкілі бірінші бомбадан кісі өлімі болғанын растап, неміс жауынгерінің қаза болғаны туралы ауған ішкі істер министрлігінің мәліметін жоққа шығарды. Полиция бастығын сілтеп көрсеткен Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, бірінші жарылыс НАТО мен АҚШ күштерінің көліктері көп жүретін Кабулдың шығысындағы тас жолда болған. Екінші жарылыстан кісі өлгені туралы хабар жоқ. Ауғанстан астанасы мен оның төңірегіндегі қауіпсіздікті халықаралық күштердің 12 мыңдық қолы қамтамасыз етіп тұр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG