Accessibility links

Өзбекстанның жоғары лауазымды өкілдеріне Еуроодақ елдеріне баруға виза берілмейтін болды


БРЮССЕЛЬ. Еуропалық Одақ Өзбекстанға қару-жарақ сатуға тиым салды, сонымен қатар Өзбекстанның 12 жоғары лауазымды ресми өкіліне Еуроодақ елдеріне баруға бір жылға дейін виза берілмесін деген шешім қабылдады. Бұл тізімде Өзбекстанның ішкі істер министрі Закиржон Алматов, Қорғаныс министрі Қадыр Гулямов және Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятов та бар. Еуроодақтың айтуынша, аталған ресми өкілдер мамыр айындағы Әндіжан оқиғаларына тікелей жауапты. Ресми Ташкент 13-ші мамыр күнгі оқиғаларда 187 адам қаза тапты, олардың көбі лаңкесттер десе, ал құқық қорғаушылар мен кейбір батыс елдері болса үкімет күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан соң, жүздеген қарапайым адам құрбан болған дейді. Дүйсенбі күні Өзбекстанның Жоғарғы соты Әндіжандағы халық толқуына байланысты іс бойынша 15 айыпталушыны айыпты деп тауып, ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айыратын үкім шығарды. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Адам Ерели Өзбек сотының бұл өкімі әділетсіз деді.
XS
SM
MD
LG