Accessibility links

Ирақта 9 полиция қызметкері мен АҚШ-тың 3әскери теңізшісі құрбан болды


БАҒДАД. Ирақтағы АҚШ күштерінің хабарлауынша, Ирақтың батысындағы көтеріліске қарсы соғыс операциясының ақырғы сатысында 50-ге тарта партизан мен АҚШ-тың 3 әскери теңізшісі қаза болды. 2.5 мыңдай АҚШ әскері мен 1 мыңға жуық Ирақ жауынгерінің қатысуымен өтіп жатқан бұл операция Сирия шекарасына жақын Убайди қаласында жалғасты. Осыған дейін олар көтерілісшілерге Хусайба және Қарабила қалаларында соққы берді. Онымен қарама-қатар бүгін Бағдад пен Киркук қалаларында болған жеке-жеке шабуылдың салдарынан 9 Ирақ полицейі көз жұмды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG