Accessibility links

15 кісіні ұзақ мерзімдерге кескен Өзбекстан халықаралық қоғамның наразылығына тап болды


БРЮССЕЛЬ. Еуропа Одағы, АҚШ және БҰҰ-ы мамыр айында Әндіжандағы қантөгіс үшін айып тағылған 15 кісіні соттағаны үшін Өзбекстанды ащы сынға алды. Осы дүйсенбіде Ташкентте Жоғарғы сот “конституциялық билікті құлатып, Өзбекстанда ислам халифатын құрмақ болды” деген айып бойынша әлгі 15 күдіктіні 14 және 20 жыл мерзімдерге кескен болатын. Еуроодақтың сыртқы саясат бойынша өкілі Кристина Галлак “Азаттыққа” берген сұхбатында: “Бұқара халыққа қарсы беталды күш қолдануға жауапты Өзбекстанның ең жоғарғы 12 басшысына Еуроодақ кеңістігіне аяқ басуға тыйым салынғаны айдан анық”, деп мәлімдеді. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Ташкенттегі сот процесі әділ өтпеді деп атап көрсетсе, Женевада БҰҰ-ының адам құқықтары бойынша Жоғарғы Комиссары Луиза Арбур ханым сотталған 15 күдіктінің өзге әділ сотқа жүгінуіне мүмкіндәіак беру керек деп кесті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG