Әзірбайжан Орталық сайлау комиссиясы парламенттік дауыс беру тәртібі бұрмаланғаны рас деп осымен төртінші сайлау аймағындағы қортындыларды жойды. Ресми өкілдер Ганжа қаласының Низами сайлау аймағында 6 қараша күні дауыс беру барысына жергілікті полицияның араласқанын растады. Бұл шешімнің мәнісі – билік басындағы "Иени Әзірбайжан" партиясы тағы бес мандаттан айырылды. Билеуші партия парламенттегі 125 мандаттың елу сегізін иемденіп отыр. Оппозиция парламенттік сайлау бұрмаланды, дауыс беру қайтадан өткізілсін деп талап қойып отыр. Сайлау қортындылары жойылсын деген талаппен Зағатала қаласында кеше демонстрация өтті, оған жүздеген адам қатысты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?