Accessibility links

Өзбек министрі Германияда емделмесе өміріне қауіп төніп тұр


Өзбекстан басшыларына Еуропа Одағы елдеріне келуге тиым салынсада Германия үкіметі Өзбекстан ішкі істер министрі Закиржон Алматовқа өмірін сақтауға қажет операция жасату үшін келуге рұқсат берді. Германия сыртқы істер министрлігінің өкілі Михаель Ибер виза шектеуін гуманитарлық себептен бұзуға рұқсат бар деп түсіндірді. Әндіжан көтерілісінде жүздеген адам қаза тапқан соң Еуропа Одағы Өзбекстанға қатысты бірнеше шектеу еңгізді. Өзбекстанның он екі басшысын Еуропа Одағының елдеріне бір жыл бойы кіргізуге тиым салынды. Еуропа Одағының үкіметтері кеше шешім шығарып, Өзбекстанға қару сатуға тиым салды.
XS
SM
MD
LG