Accessibility links

Қытайдың ресми өкілі Буштың мәлімдемесін жоққа шығарды


БУСАН. Бүгін Қытай сыртқы істер министрі АҚШ президенті Джордж Буштың Бейжин қытайлықтарға көбірек еркіндік беру керек деген мәлімдемесін жоққа шығарды. Жапонияда сөйлеген сөзінде Буш мырза Тайваньді “еркін және демократиялық түрде дамып жатыр” деп мадақтап, Бейжінді өзін-өзі басқарып отырған аралдан үлгі алуға шақырды. “Қазіргі Тайвань еркін және демократиялық түрде гүлденіп келе жатқан ел. Еркіндіктің барлық деңгейлерін падалана отырып, Тайвань өз халқын көркейте түсті және еркін, демократиялық Қытай қоғамын қалыптастырды,” - деді АҚШ президенті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG