Accessibility links

Орталық Азия Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттер терроризмге қарсы күрес мәселесінде тізе қоспақшы

  • Досан БАЙМОЛДА

Қарашаның 16-сы күні Астанада Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер Қазақстан, Қырғызстан,Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның қауіпсіздік қызметтері мен құқық қорғау органдары сондай ақ шекара қызметі басшыларының кеңесі болып өтті. Кеңеске алғаш рет бақылаушы ретінде Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздігі бас басқармасының өкілдері де қатысқан. Жиында халықаралық терроризмге қарсы күресу әсіресе террористік ұйымдарды қаржыландырып отырған қаржы көздеріне соның ішінде заңсыз есірткі тасымалы мен саудасына сондай ақ заңсыз көші-қонға қатысты мәселелер талқыланған.

Кеңесте Оталық Азия ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер аумағында қызметіне тиым салынуы тиісті террористік ұйымдар мен діни экстремистік ұйымдардың тізімі бекітілген. Бұл кеңес журналистер назарынан тыс, жабық есік жағдайында өтті. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Академиясының қылмыстық істер жөніндегі кафедрасының меңгерушісі Серікқазы Әбдірахмановтың айтуынша бүгінгі күні Қазақстанға терроризм қаупі туып тұр деп айтуға келмейді. Алайда Қазақстанмен көрші мемлекеттерде орын алып отырған түрлі жағдайларды еске ала отырып сақ болған дұрыс деген пікір айтады ол. Оның айтуынша терроризмнің өзімен күрескенше оның шығу себеп салдарын анықтап сонымен күресу өз нәтижесін бермекші. Ал саясаттанушы Ерлан Қаринның пікірінше діни экстремистік ұйымдар мен террористік ұйымдарды бір біріне қосып шатастыра беру дұрыс емес.

«Өйткені олардың бір бірінен өзгеше мақсат мүдделері бар соны ескерген жөн болмақ. Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінде жиі айтылып, қаралана беретін Хизбут-Тахрир секілді діни идеологияға негізделген діни ұйымдармен күресу үшін мемлекеттің өз идеологиясы болуы керек», - дейді Е.Қарин.

Ал Қазақстан парламенті сенатының депутаты Қуаныш Сұлтановтың айтуынша батыс әл\іемінде жиі айтыла беретін терроризм мен ислам деген екі ұғым бір біріне жақын деген пікір жаңсақ пікір болмақ. Бұл осы ислам дінін ұстанушылардың ыза ашуын туғызатын нәрсе бұндай нәрседен абай болу керек дейді ол.
XS
SM
MD
LG