Accessibility links

Солтүстік Кореяда гуманитарлық жағдай өте нашар


БҰҰ Солтүстік Кореяда адам құқықтары жүйелі түрде бұзылып келеді деп алаңдаушылық танытып, тиісті қаулы қабылдады. Резолюцияда көрсетілгендей, Солтүстік Кореяда азаматтарды қинау мен азаптау, түрме тұтқындарының денсаулығына зақым келтіретін сорлы жағдай жасау, өлім жазаларын бұқара алдында іске асыру, заң тәртібін сақтамай қамау, сот тергеуінде заң мәртебесін сақтамау, саяси себептерден өлім жазасына кесу кеңінен етек алды. Солтүстік Кореяда түрме саны тым көп, қара жұмысқа салу көрінісі мол деп аталды. БҰҰ, сол сияқты, елдегі гуманитарлық жағдай өте нашар, жас балалардың арасында ашаршылық мол деп алаңдаушылық танытты. Осы қаулының жобасын Еуропа Одағы кіргізді. Оңтүстік Корея қаулыны жақтамады.
XS
SM
MD
LG