Accessibility links

Лукашенко жұмысшылар мен диқандарға сенім танытты


Беларус президенті Александр Лукашенко келесі жылға белгіленген президенттік сайлауда "маған қарсы дауыс бергісі келетіндер қазірдің өзінде үміттерін үзіп жатыр" деп мәлімдеді. Мемлекеттік телекомпанияда кеше сөйлеген Александр Лукашенко Грузия не болмаса Украинадағыдай революция жасағысы келетіндерді жұмысшылар мен диқандар, әскери қызметкерлер мен зейнеткерлер қолдамайды деді. Александр Лукашенко Беларус халқының 90 пайызы шетел телекомпанияларын көреді, бірақ шетел телехабарларын азайту не болмаса тоқтатып тастау жоспарым жоқ деді.
XS
SM
MD
LG