Accessibility links

Қазақстанда саяси текетірес күшейе түсті


Қазақстан ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов 4 желтоқсандағы президенттік сайлау қарсаңында ел оппозициясы көтеріліс қоздырып жатыр деп мәлімдеді. Бауыржан Мұхамеджанов оппозиция кейбір "радикалдарды" қаруландырып жатыр, кейбір оппозициялық топтар заң орындарының өкілдеріне пара беруге әрекет жасап жүр деді. "Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысы Алматы полициясы оппозиция басшыларының бірі Алтынбек Сәрсенбаевтың екі інісін соққыға жығып кетті деп шағым айтты. Екі жас азамат бастарынан жарақат алып, ауруханаға түсті. Президентікке таласып отырған бес үміткердің төртеуі кеше телесайыс пікірталастарын өткізді. Бірігей оппозициялық үміткер Жармахан Тұяқбай "Қазақгейт" шатағының мәселесін көтерді, президент Н.Назарбаев америкалық бизнесмен Джеймс Гифеннен пара алды ма, жоқ па – қазіргі билік тұрған кезеңде мұны білу мүмкін емес деді. Президент Назарбаев телесайысқа қатыспады, бұл күні ол Украинаға жол тартып кеткен еді.
XS
SM
MD
LG